
Облыстық мәслихат депутаттары құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесін қарау аясында Полиция департаментінің жедел басқару орталығына барды.
Бүгінгі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Петропавл қаласының көшелерінде орналасқан 420 бейнебақылау камерасы тәулік бойы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың басынан бастап сыртқы бақылау камераларының көмегімен 6533 құқық бұзушылық тіркелді. Сонымен қатар, 79 факт қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға ықпал етті.
Сондай-ақ, Петропавлда «SOS» 7 түймесі жұмыс істейді, оларды басу тәуліктің кез келген уақытында кезекші бөліммен тікелей аудио-және бейнебайланысты қамтамасыз етеді. Олар Жас Өркен, Береке шағын аудандарында, Жұмысшы кентінде және қаланың орталық бөлігінде, сауда үйлері мен базарлардың жанында орналасқан.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары азаматтарды «102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады. ҚР ІІМ ресми қосымшасын әркім өз смартфонына жүктей алады.
«Бейнебақылау камералары қылмыстарды ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамдық орындарда және көшелерде, сондай - ақ түрлі бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді», - дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ, олар бейнекамералар санын көбейту бойынша халық қалаулыларына жәрдемдесу жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты