Үшінші сессия өтті

Үшінші сессия өтті

Облыстық мәслихаттың үшінші кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты облыстық мәслихат депутаты Әсем Рахметованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Талғат Наурызбаев облыстық жер комиссиясының ережесін және оның дербес құрамын бекіту туралы ұсыныс енгізді.

Депутаттар облыстық Қоғамдық кеңес өткізген конкурс нәтижелері негізінде әртүрлі себептермен кеңес құрамынан шыққандардың орнына сайланған 5 мүшені бекіту туралы мәселені қарады.

Сондай-ақ, халық қалаулылары облыс әкімдігі жанынан құрылған бірнеше консультативтік-кеңесші органдардың құрамындағы өзгерістерге байланысты кейбір шешімдердегі өзгерістерді бекітті.

Күн тәртібінде көзделген мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты