Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына әкімнің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты.

Қаржы қаражатын үнемдеуге байланысты облыстық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бұрын бекітілген қаражатын қайта бөлу туралы облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант сөз сөйледі.

Облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының қызметінің қорытындылары туралы оның төрағасы Сәуле Сұрағанова баяндады.

Жеке серіктестің өтемақы жобасынан алып тастауға бастамашылық жасауы себебінен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қазандағы № 48/3 «Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау объектілеріндегі жабдықтарды жаңғырту» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімінің күшін жою туралы ұсынысымен облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, жаңа кадрлық тағайындауларға байланысты облыстық әкімдіктің консультативтік-кеңесші органдарының дербес құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында мұқият қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты