
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өтуде.
Оқыту екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың жүзден астам депутаты оқиды.
Пәндерді өткізу мынадай бағыттар бойынша жоспарланған: заң шығару қызметі, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы, тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, тиімді коммуникациялар, мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылы, практикалық кейстерді талдау.
Оқыту барысында депутаттар коммуникация, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару салаларында кешенді білім мен практикалық дағдыларға ие болады, құқық және бюджеттік жоспарлау саласындағы білімдерін жүйелейді.
Спикерлер - СҚО бойынша АМУ филиалының аға оқытушысы, төртінші және бесінші шақырылымдағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА академигі Анатолий Башмаков, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін Заңнама институты» жобасының мемлекет істерін басқаруға және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелеріне қатысу құқығы жөніндегі ғылыми жетекшісі,заңгер-конституционалист, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Ғабдуалиев, штаттан тыс жаттықтырушы, медиа-жаттықтырушы, PR және коммуникациялар бойынша сарапшы Ақерке Берлібай және Филиал оқытушылары.
Семинар-тренинг нәтижелері бойынша жаңа сын-тегеуріндер мен уақыттың шынайылығы жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттілігі мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты