Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың жұмыс жоспары

2022 жылға арналған облыстық
мәслихат сессияларында қарауға
енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2022 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы В. Бубенко

Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаты сессиясының 2021 жылғы
10 желтоқсандағы № 12/8 шешіміне қосымша

2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессияларында қарауға енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі

I тоқсан

  1. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін сумен жабдықтауды қамтамасыз ету туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау жағдайы және санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы.
  3. Мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы (Экономика басқармасы).

Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

II тоқсан

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы (Қаржы басқармасы, Тексеру комиссиясы).
  2. 2021-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту Жоспарын іске асыру туралы (Экономика басқармасы).
  3. Солтүстік Қазақстан облысында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету туралы (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы).

Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

III тоқсан

  1. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту нәтижесі туралы.

Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

IV тоқсан

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысында Цифрландыру бағдарламасын іске асыру туралы.
  3. 2023 жылы облыстық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі туралы.

Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессияларында қарауға енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.

Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Рафальский

Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы В. Бубенко

2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 50/
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының шешіміне
қосымша

2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессияларында қарауға енгізілетін негізгі мәселелер тізбесі

I тоқсан

  1. Мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы (Экономика басқармасы).
  2. Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

II тоқсан

  1. 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы (Қаржы басқармасы, Тексеру комиссиясы).
  2. 2016-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру туралы (экономика басқармасы).
  3. Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

III тоқсан

  1. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту нәтижесі туралы.
  2. Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).

IV тоқсан

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы.
  2. 2022 жылы облыстық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі туралы.
  3. Кезектен тыс сессия (қажеттігіне байланысты).
Дата публикации
26 января 2022
Дата обновления
26 января 2022
Тип

Сейчас читают

22 сентября 2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
21 июля 2026
Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы
30 июня 2026
БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы