Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясының
күн тәртібі
Петропавл қаласы 2022 жылғы 20 сәуір
Мәслихат залының 1 қабат сағат 12.00-де
1. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Баяндамашы: Дышкант Налатья Геннадьевна, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Қаржы басқармасының басшысы.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»
3. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 20/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Баяндамашы: Исманов Бейбіт Қайыркешұлы, Солтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы шегінде уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу туралы»
Баяндамашы: Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
5. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Баяндамашы: Айманов Нұрлан Бағдәулетұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Баяндамашы: Ілиясов Бахыт Ботажанович, Солтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы.
7-9. «С.Н. Негимовке, С.Б. Құсайыновқа, Е.Е. Елеусізовке Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағын беру туралы»
Баяндамашы: Ыдырысов Олжас Нұрланұлы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
10. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
Баяндамашы: Тайшабай Дулат Қаратайұлы, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары.
11. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындау туралы»
Баяндамашы: Каскин Тілеген Төлегенұлы, Солтүстік Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының төрағасы.
12. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 42/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»