Солтүстік Қазақстан облыстық жетінші шақырылған мәслихатының
2 сессиясының күн тәртібі
Петропавл қ. 2021 жылғы 17 ақпан
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жер учаскелері үшін бағалау аймақтарының шекараларын және төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы».
Баяндамашы: Жалғас Серікбайұлы Сүлейменов, СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
2. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы».
Баяндамашы: Наталья Геннадьевна Дышкант, СҚО әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы.
3. «Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы»
Баяндамашы: Досбол Нұржанұлы Әбдірисов, СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысының м.а.
4. «Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ мүлкін «Бескөл мектеп-интернат-колледжі» біріктірілген білім беру ұйымын жаңғырту және құру үшін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы».
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы «Петерфельд орта мектебі» КММ жаңғырту және пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»
Баяндамашы: Кәрiмова Гүлмира Раинбекқызы, СҚО әкімдігінің білім басқармасының басшысы.
6. Тілек Әйтімұлы Әбдірахмановқа «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағын беру туралы»
7. Оралбай Шәріпұлы Сағындықовқа «Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағын беру туралы»
Баяндамашы: Арыстан Баяхметұлы Құжымов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
8. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 22/8 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Мүгедектер істері жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Баяндамашы: Алмас Темірболатұлы Қошманов, СҚО әкімдігінің жұмыспен ұамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
9. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы туралы».
10. Әртүрлі.