Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың жұмысы туралы ақпарат

Біздің депутат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан»
атты мақалаға пікір

Абдрахманова Р.
Абдрахманова Р.
облыстық мәслихат депутаты

Абай жолы — ұлы жол

Мені бала жасымнан ұстаздар қауымының қиында, қауртта, курделі де мән мағынасы терең қызметттері еліктіретін. Сондықтанда институттың физика математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығып біраз жыл Қызылжар қаласының мектебінде ұстаздық қызмет атқардым. Кезінде билеуші партияның ықпалымен басқа кызметтерге ауысып кеттім. Кейін қаржы және банк саласында қызмет атқаруға тұра келді.

Қай салада жүрсемде ұстаздық тауқметтің қадыр қасиетін ешқашан есімнен шығарған емес едім. Енді міне жыл басында ұстаздар қызметімен тұрмыс деңгейіне арнайы кабылданған заң жарық көргеніне өте қуаныштымын. Бүгінгі күні тағы бір қуантарлық жаңалық — Президентіміздің «Абай және Қазақстан XXI ғасырда» деген терең мағыналы мақаласы ел бағытының әр мәселеде тура жолға тусуіне нақты ықпал жасарына күмән жоқ деп тусінемін.

Қайбір ұлт болмасын өзінің топырағына кіндік қаны тамған ұлы ойшылымен мақтануға хақылы. Қазақ халқы да ұлы ақын, кемеңгер Абайды мақтан тұтады.

Абайдың өмір сүрген ортасы қараңғы түнге ұксас еді. Абай осындай сөнген сауатсыз ортадағы жалғыз күн сияқты жарқ етіп, сәуле шашты. Өлеңімен де, қарасөзімен де. Әуелі өлеңдерінде қоғамдағы қарама-қайшылықтарды қатты сынады. Дарынсыз, малға ғана табынған байларды, білімсіз билерді, елді қанап күн көрген болыстарды өткір сынға алды. Бұл орайда ол өзінің туыстарын да аямады. Кейін, есейген шағында өлеңдеріндегі осы ойларды қарасөздерінде жалғастырды. Оның 45 қарасөзі толығымен — данышпандық! Ойлаңызшы: данышпан адам өзінің заманынан оза туады ғой Абай 19-шы ғасырдан озып, мына өзіміз өмір суріп отырған 21- ші жүзжылдықта ғұмыр кешіп жүргендей. Осы орайда қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Міржақып Дулатов Абайдың ұлылығы туралы қалайша тауып айтқан «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына соңша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық, ағарар, өнер- білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар».

Биыл Абайдың туғанына 175 жыл. Ол-әлем таныған тұлға, кемеңгер. Соған орай, елімізде зор шаралар қолға алынып келеді.Бұл іске мемлекет басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI-ші ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласы үлқен серпін беріп отыр,

Біз бұл мақаланы Абайтанудағы маңызды нұсқау, сабақ, оқулық ретінде бағалауымыз керек. Абайдан бізғе жетіп отырған мұра-өлшеусіз өнеге, өмірлік мән –маңызы зор тағлым.

Президентіміз заманалар ауысса да, Абайдың ғибраты рухани игілігіміз болып қала беретінін зердемізғе құя түседі. Мемлекет басшысы Абайдың ұлағатты нұсқаларын бүгінгі Қазахстан өміріне дәлме-дәл теңестіреді, түсінік береді. Абай : «Пайда ойлама-ар ойла!» деді, Президент осы нұсқауды да терең тарқатады, жас ұрпаққа ескертеді.

Абай : « Ғылым таппай мақтанба!» деді Президент жас буынға осы сөздердің мән-маңызын ұғындырады.

Қасым-Жомарт Токаев Абайды және қоғамның жанашыры деп бағалайды. Осы ойды айқын айғақтап береді. Абай бес істі ардақтаған. Олар- талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым! Абай бес жаман әдеттен аулақ, жүруді ескертеді. Олар — еріншек, өсек, мақтаншақ, өтірік, бекер мал шашпақ. Президент Абайдың алдынғы үлгі алатын бес ақылы мен кейінгі бес әдеттен аулақ жүруді ескерте, XXI-ші ғасырда Қазақстанда барын ашық айтады.

«Абай мұрасы — біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық».

Міне, Президентіміздің халқымызға айтқан ақылы, нұсқаған жолы осы!

Асанова А.С

Асанова А.С. Тимирязев мектеп интернатының директоры,
облыстық мәслихатының депутаты

Абай — ұлт мақтанышы

«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Ахмет Байтұрсынұлы дөп басып айтқандығының дәлелі — бүгінгі президентіміздің шыққан мақаласы дер едім. Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мен Қазақстанның дамуын өте шебер байланыстыра білген. Атап айтсақ, ұлттық болмыс, ғылым және білім , тіл мәселесі , мемлекеттік іс барлығы бар. Бұл мақалада президентіміз Абай мен қазақтың егіз ұғым екенін тағы бір дәлелдегендей. Абай — қазақтың бағына берген жарық жұлдызы, қазақ әдебиетінің Ұлы тұлғасы.

«Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» — деп атап өткен президент. Ең алдымен, ұлт болып қалыптасу үшін білімді, интеллектуалды болуымыз қажет екенін білеміз. Ендеше, неге бізге осының барлығын Абайдан алмасқа?! Әрине аламыз. Біздің осы жылы жоспарланып отырған әр шараның түпкі мақсаты да сол дер едім. Білім саласы болсын, басқа сала болсын Абайды оқу ешкімге артық болмайды. Керісінше , аларымыз көп екенін ескеруіміз қажет.

Сонымен қатар, мақалада ерекше әсер еткен ол «Біз елді Абайша сүюіміз керек» деген жолдары. Абай елін, халқын қанша сынаса да,оның астарында еліне деген шексіз махаббаты көрініп тұр. Елінің, халқының болашағы айқын, жарқын болсыншы деген арманы тұрғандығын көреміз.Оны ұлы Ақынның әр шығармасынан байқаймыз. Абай айтқандай , болашақ ұрпақ тек білім мен ғылымға мән беріп, әрқашан ізденіс үстінде болса еліміз үшін оның берері мол болар екені сөзсіз.

Абай — қазақтың адастырмас темірқазығы. Абайды насихаттау — қазақилықты, ұлттық болмысты жаңғырту. Сондықтан мақалада қозғалған мәселелер өзекті, әрі маңызды. ХХІ ғасырдағы қазақ қандай болу керек, оның тұрмысы, мәдениеті, әдебиеті қандай болу керек? Бәрі Абайда. Ұлттық өзектің мықты болуы да Абай туындыларында.

Қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлділ жарап шығып, өздерінің өлмес туындыларын тарту етсе де, хакім Абайдың жұлдызы биік тұратындығы неліктен? Ол ең алдымен Абай шығармашылығың әмбебаптылығы, энциклопедиялығымен түсіндірілсе керек. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма жанрларының негізін салып қана қоймай, осы жанрларды әлемдік биікке шығара білуі, музыкалық мұрасы, әлеуметтік-публицистикалық, философиялық, діни, ғылыми, тарихи еңбектерінің мазмұн тереңдігі, ағартушылық, педагогикалық ойлары оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат ғұламасы атануына арқау болды.

Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай — лебі, Абай — үні, ана тынысы — заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Біздің депутатҰжымын шыңға бастаған білікті басшы, тәжірибелі ұстаз, Асанова Айман Серікқызы, 17 Тимирязев ауданының сайлау округінен облыстық мәслихаттың депутаты.

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Ал мұғалім – мамандықтың төресі.

Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс.

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», – дейді дана халқымыз.Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар күш жігерін жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар арамызда аз емес. Сондай жандардың бірі, Айман Серікқызы Асанованы Тимирязев ауданы жұртшылығы тәжірибелі ұстаз, білікті басшы, облыстық мәслихат депутаты ретінде жақсы таниды. Айман Серікқызы 1963 жылы 1 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Сергеев ауданы Кеңес ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын тәмамадағаннан кейін орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастаған.

Тынымсыз еңбегі мен жауапкершілігінің, білімі мен біліктілігінің арқасында ол қарапайым ұстаздықтан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне көтерілсе, Тимирязев аудандық мұрағатын білікті басшы ретінде басқарған, аудандық «Нұр Отан» партиясының қалыптасуы мен дамуында өз үлесін қосты. Партияның төрайымы қызметін үлкен абыроймен атқарды. Кейін ұйымдастырушылық қабілетімен, зор жауапкершілігімен көзге түскен ол аудан орталығындағы алғашқы қазақ мектеп – интернатының директоры болды әрі бұл қызметті он екі жылдай абыроймен атқарып келеді. Алғаш мектеп ашылған жылы жан жақтан келген жас мамандардың басын біріктіріп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қалыптастыруда көп еңбек сіңірді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келген жастардың өз орнын табуға аянбай көмектесті деп айтуға болады. «Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы аясында да нәтижелі жұмыстар атқарды. Бұл бағдарламаның аясында мектебімізде бала саны да артуда. Мектеп директоры, облыстық депутат ретінде бұл жұмыстарды әлі де жандандыру жолында дұрыс болар еді деп ойлайды.

Айман Серікқызы өзі еңбек еткен 12 жылда бар күш-жігерін, білімін мектептің қалыптасу жолына сарп етті. Ұжымдағы әріптестердің кәсіби дамуына, шығармашылықтарын шыңдау жолына бар мүмкіндікті жасады.

Басшылық тізгінді алған екі-үш жылдың ішінде ол аталмыш білім ордасын аудандағы үздік білім ошақтарының қатарына қосып, материалдық базасын жақсартып, мектеп ісінің ілгері дамуына, білім мен тәрбие беру ісінің нәтижелі болуына үлкен еңбек сіңірді.

Сонымен қатар Айман Серікқызы облыстық мәслихат депутаты. Айман Серікқызы сайлаушылардың сенімін ақтау мақсатында азаматтардың жеке қабылдауын үнемі жүргізеді. Олардың өтініштеріне нәтижелі жауап беру үшін, әртүрлі инстанцияларға заңнама нормаларына сайдепутаттық сауал жолдап, белсенділік танытады. Айман Серікқызы коммуникабельді, тұлғааралық байланыстарды дұрыс қалыптастырып, алға қойылған мақсаттарына жетуде үлкен табандылықпен жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, Айман Серікқызы аяулы жар, ардақты ана. Жолдасы Мұхтар Аманұлымен екі ұл, бір қызды тәрбиелеп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған ұлағатты отбасы. Екі немере, 3 жиен сүйіп отырған аяулы ата – әже.

Білім ордасының бой көтергеніне аз уақыт болса да, мектебімізді «Алтын белгімен» аяқтап өз мақсаттарына жеткен оқушыларымыз да баршылық. «Алтын белгі» иегерлері: 2011 оқу жылының түлегі Әбдірахман Айнұр Алматы қаласындағы Әл Фараби ҚазҰУ — ін заңгер мамандығы бойынша аяқтап, Астана қаласында өз қызметін жалғастырса, 2014 – жылғы түлегіміз Мусин Ақылбек Астана қаласының белді білім ордасы Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің «Ағылшын тілі» мамандығы факультетін тәмамдап, еңбек жолын өзі білім алған мектепте бастап отыр. Аталмыш білім ордасында білім алған оқушыларымыз Әсем Қайратқызы Иманкулова, Эльмира Вячеславовна Емпатова, Қанат Зиятұлы Ескендіров, Батырхан Жанатұлы Қыдырғалиевтер еңбек жолдарын осы мектепте бастап, абыройлы жұмыс атқаруда. Сонымен қатар мектепте өзге ұлт өкілдері де сапалы білім алып, өз жолдарын тапты деп айтуға болады. Левченко Эльвира қазіргі уақытта Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ білім алып жатса, Адамоните Ниеля деген оқушымыз Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледжін тәмамдап, қазіргі уақытта ұстаздық қызметті бастады. Троеглазов Данил Нововишим аграрлы-техникалық колледжінің студенті атанса, Троеглазова Карина Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің белді студенті. Бұл оқушылар қазақ мектебінде білім алып, қазақ тілінің қыры мен сырын меңгерумен қатар, қазақи тәрбиені, салт-дәстүрді де бойларына сіңірді. Қазіргі уақытта мектепте Панферова Алина, Панферов Виктор сынды оқушылар да қазақ тілінде білім алуда. Қазақ мектебі болғандықтан — ұлттық нақыштағы дүниелерді, соның ішінде тарих пен ана тілді, салт-дәстүр мен ән-жырды білудің маңыздылығын аудан ішінде кеңінен насихаттаймыз.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары азаматтық ұстанымы үшін Айман Серікқызы төмендегі марапаттарға ие болды: ҚР Президентінің «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен; - «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», және «ҚР мәслихатына 20 жыл» мерейтойының төс белгісі; - Қазақ хандығының 550 жылдығы төс белгісімен ; - «Білім беру ісінің үздік қызметкері» Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісі. Облыстық білім беру жүйесіндегі көп жылдық еңбегі үшін Білім басқармасының Құрмет грамоталарымен; аудан әкімінің Құрмет грамотасы;

Иә, «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» демекші, білікті басшы, ұжым мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Айман Серікқызы өзі басқаратын ұжымды тек биік белестерге жетелеп, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.

Біздің депутаттар туралы
Құрылысшылар аллеясы

Солтүстік Қазақстан Құрылысшылар ассоциациясының бастамасымен «Основание» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Сергей Петрович Тимофеев басқарып, Ярослав Гашек көшесі 4 «а» мекенжайында орналасқан көппәтерлі үйдің бойымен «Құрылысшылар даңқы аллеясын» құру бойынша жұмыстар басталып кетті.

Бұл гүлбағын абаттандыру жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталды. Алдымен оны тиісті қалыпқа келтірді: орындықтар орнатылды, қоқыс шығарылды және ескі ағаштар кесілді. Қазірдің өзінде жұмыстың жартысынан көбі атқарылды. Жаңа ағаштар отырғызылып, орындықтар орнатылды.

Бүгінде оны абаттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Құрылысшылар ассоциациясының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты С.П. Тимофеев гүлбағын қайта жаңарту жөніндегі жоспарларымен бөлісті:

— Ауа электр желісін тарту бойынша жобаны әзірлеудеміз, бізге кедергі келтірмеу үшін кабельді түсіреміз. Көше тренажерларын орнатуды жоспарлап отырмыз, жан-жағын көркейтеміз. Шөптер, гүлдер әкелеміз. Биылғы жылы осымен айналысатын боламыз.

Осы шағын ауданның тұрғындары да зор ризашылықтарын білдіруде:

— Бұрын бұл жер өте лас, үлкен бұталар көп болатын, біз осы жерден өтуге қорқатынбыз. Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызғаннан кейін бұл жер жайнап шыға келді.

— Балалар серуендейді, зейнеткерлер орындықтарда отырады, аналар арбамен жүреді және түрі де, үйдің қасбеті де мүлде өзгерді, ауданымызда жай ғана шығып, отырып, демалатын орын пайда болғаны өте жақсы.

Тамыз айында Құрылысшылар ассоциациясы барлық абаттандыру жұмыстарын аяқтап, кәсіби мерекелерін атап өтуді жоспарлап отыр.

Құрылысшылар аллеясы

Құрылысшылар аллеясы

Біздің депутаттар туралы
Ауыл көркейсе-ел көркейеді

Ауыл көркейсе-ел көркейеді«Алабота» асыл тұқымды мал зауыты Солтүстік Қазақстан облысындағы ең көне және ең үздік мал шаруашылығы кәсіпорындарының бірі. Оны облыстық мәслихаттың депутаты Е. Алпысов басқарады.

Мұнда 3500-ден астам ірі қара мал бар. 41 мың гектар жер бар, оның ішінде 20 мыңы жайылым. Шаруашылықта жетекші орынға өсімдік шаруашылығы ие, өткен жылы гектарынан 19 центнерден айналды. Бүгінгі күні ауыл еңбеккерлерінде қызулы кезең – «жаздық бір күні –қыстық мың күні» дегендей, егіс компаниясы жүріп жатыр.

Биыл 16 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Түсірілім тобының келуіне механизаторлар өздерінің шойын көмекшілерін алдағы егіске дайындады.

Шаруашылықтың бас агрономы Ерұлан Қажыбаев атап өткендей, ең бастысы – уақыттылы ылғалды жабу жұмыстарын жүргізу, бұл жұмысты неғұрлым тезірек жүргізсек, соғұрлым жақсы өнім аларымыз сөзсіз.

Шаруашылықта цифрлық технологияларды қолданады. Ауыл шаруашылығы техникаларын GPS бойынша қадағалайды, бергіш датчик шығындарды, қарапайым техниканы және машина қай алқапта жұмыс істеп жүргенін көруге мүмкіндік береді.

Тоқтағы жұмыс та ең қызған кез, мұнда тұқым тазартылып, егуге дайындалды. Ауыл шаруашылығы құрылымында өсімдік шаруашылығында да, мал шаруашылығында да жақсы жұмыс тәжірибесі жинақталған. Алайда, әлі де жүре түзелетін жұмыстар бар деп санайды. Жергілікті аграршылар саладағы қазіргі заманғы жұмыстарды қадағалауға және шаруашылыққа ендіруге тырысуда.

Мұнда «Племзавод Алабота» ЖШС басшысы, облыстық мәслихат депутаты Ерлан Алпысовтың еңбегі зор.

Шаруашылықта бүгінгі күні қуатты өндірістік инфрақұрылым қалыптасқан, қызметкерлер үшін жағдай жасалған, әрине әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінуде. Жайлы гүл бағы, балалар спорт алаңы бар.

Мұндағы халық саны 900-ге жуық адам, оның біршамасы зейнеткерлер.

ЖШС басшылығы ауылда ФАП жұмыс істеу үшін үй-жай бөлді, оны жылумен қамтамасыз ету шаруашылық есебінен жүзеге асырылады. Мұнда дәріхана, емшара кабинеті бар.

Өз басшысы Ерлан Сапарбекұлы туралы өндіріс және әлеуметтік сала қызметкерлері де, механизаторлармен кездескен кезде, бір ауыздан үлкен сыйластықпен, біз бәріне ризамыз: жалақы жақсы, жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған, халықты тиімді бағалы нанмен қаматамыз ететін наубайхана бар.

Мархаба Ақтаева, Алабота орта мектебінің директоры, өз сұхбатында Ерлан Сапарбекұлы жиі қатынасып тұратынын, оқу озаттарына жаңа жылға сыйлықтар табыстап, спорт құралдарымен қамтамасыз етіп, аз қамтылған отбасылардағы балаларға көмектесіп тұратынын да атап көрсетті.

Е. Алпысовтың өзі жай ғана:

Тұрғындар — бұл біздің қызметкерлер, егер олар болмаса, онда біз де мұнда қажет емеспіз. Сондықтан оларға барынша көмектесуге тырысамыз. Наубайхана да ашамыз, мектепке, ауыл ФАП-ына да көмектесеміз. Мен балаларға ерекше қараймын, мектепке құр қол барып дағдыланбағанмын.

Кәсіпкер әлеуметтік жауапкершілігінің рөлін неғұрлым жақсы түсінсе, әлеуметтік саланы қолдауға мүмкіндігі болу үшін өз бизнесінің іргетасына соғұрлым көп қаражат жұмсайды.

2018 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың жұмыс жоспары
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

I тоқсан

1. Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту туралы.

2. Облыстық мәслихаттың экономика, экология, бюджет, салық және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының есебі туралы.

3. СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының жұмысы және алдағы кезеңге қойған міндеттері туралы есебі.

4. Кезектен тыс сессия (қажеттігі бойынша).

II тоқсан

1. 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.

2. Қазақстан Республикасындағы 2017-2021 жылдарға арналған агро-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын Солтүстік Қазақстан облысында орындау барысы туралы.

3. Облыстық мәслихаттың халықтың денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының есебі туралы.

4. Кезектен тыс сессия (қажеттігі бойынша).

III тоқсан

1. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту нәтижесі туралы.

2. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Кодексінің талаптары тұрғысында өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек қауіпсіздігі мен оны сақтау жағдайы туралы.

3. СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының жұмысы және алдағы кезеңге қойған міндеттері туралы есебі.

4. Кезектен тыс сессия (қажеттігі бойынша).

IV тоқсан

1. 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы.

2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатттың жұмысы туралы хатшының есебі.

3. Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасының 2018 жылғы шұғыл қызметтік істерінің қорытындысы туралы.

4. Кезектен тыс сессия (қажеттігі бойынша).

Депутаттарға арналған ақпараттық материал
Бесінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының қызметі туралы

217 сайлау округі бойынша барлығы 215 депутат сайланды: соның ішінде

  • облыстық мәслихатқа — 31;
  • қалалыққа — 19;
  • аудандықтарға — 165.

Соның ішінде ерлер: 162 немесе 75,3%.

Өз қызметінде депутаттар сайлаушыларының күнделікті проблемаларын шешеді. Мәслихаттардың рөлі артуда, яғни халық қалаулыларының өздерінің депутаттық өкілеттерін іске асыруға жауапкершілігі-де өседі. Бесінші шақырылымның құрамында олар — 31.

Өз қызметін олар сайлау округтерінде ғана жүзеге асырып қоймайтындықтан, депутаттардың өкілеттілігін жергілікті сайланбалы органның өкілеттілігінен бөлек қарастыруға болмайды.

Депутаттың өкілеттігін іске асырудың маңызды формасы мәслихаттың және оның өзі құрамына сайланған жұмыс органының жұмысына қатысу құқығы болып табылады.

Сонымен бесінші шақырылымның басынан бастап облыстық мәслихат 8 сессия өткізіп, онда 60-тан астам мәселе қаралды. Соның ішінде — облыстық бюджетті қалыптастыруға және атқарылуына байланысты, облыстың әдеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, өңірлік бағдарламалардың атқарылуы.

Депутаттар мен атқарушы органдардың жұмысы неғұрлым өлшемді бюджетті қалыптастыруға мүмкіндік тудырды. Депутаттардың 241 қойылым сұрағының мөлшермен үштен бірі үшжылдық бюджетке енгізілді.

Депутаттар өңірлік бағдарламалармен байыпты жұмыс жүргізуде, сессияларда оларды қызығушылықпен талқылау, бағдарламалардың іске асырылу барысын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Осындай сессияларда 2011–2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы аумағын дамыту бағдарламасын орындау мәселелері қаралды. Өңірлік нашақорлық және есірткі бизнесімен күресті іске асыру жөнінде, адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу бойынша есептер тыңдалды.

Өңірлік бағдарламалардың атқарылуы депутатардың бақылауында. Олардың әкімшіліктері тұрақты комиссиялар отырысында, сессияда есеп берді. Бағдарламаларда қаралған іс-шараларды іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етті.

Тұрақты комиссиялар өз отырыстарында 16-дан астам мәселелерді қарады, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев, Тайынша, Айыртау аудандарында 4 көшпелі отырыс өткізілді.

Халық қалаулылары өз сайлаушыларымен жергілікті жерлерде-де үнемі кездесіп отырады. Адамдар оларға әртүрлі мәселелерімен барады: мектептің, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, поселкеішілік, автомобиль жолдарын жөндеу, жылу беру, жұмыспен қамту, жастарды тәрбиелеу және басқа көптеген мәселелер. Барлық бұйымтайлары бойынша тиісті шаралар қолданылып, жауаптар мен түсініктемелер беріледі.

Шақырылым басынан бастап облыстық мәслихаттың хатшысы 70 азаматты қабылдады, соның ішінде жеке қабылдауда: 53 адам болды.

Облыстағы депутаттық корпуста беделді, сыйлы, сайлаушылардың мүддесіне жаны ашитын адамдар. Олар біздің облыстағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың сәтті шешілуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Мәслихат депутаттары үлкен меценаттық қызметті атқарады — алғашқылардың бірі болып «Аққайыңдар өлкесі», «Мектепке жол» акцияларын қолдады, аз қамтамасыздандырылған отбасыларға материалдық көмек, әртүрлі іс-шараларды өткізгенде демеушілік көмек көрсетуде, балабақшалар мен мектептерге компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын сатып алуға көмектесуде.

Үстіміздегі жылы депутаттар «Мектепке жол» акциясына қатысып, 732 700 теңгеге көмек көрсетіп, мектептерге 5 246 252 теңге сомасында материалдық көмек көрсетті, басқа қайырымдылық көмектер 18 852232 теңге сомасын құрады. Барлық көрсетілген қайырымдылық көмек 24 831 184 теңге сомасында.

Облыстық теледидар бойынша «Мәслихат» тікелей эфирден депутаттардың сөз сөйлеуі жақсы жұмыс формасына айналды, шақырылым басынан бастап тікелей эфирден 32 депутат сөйледі. Облыстық газет беттеріндегі «Депутаттық істер» айдарында барлық деңгейдегі депутаттардың қызметі туралы 16 мақала жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 21-2-бабы 3 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты бір топ депутаттарының хаты бойынша бесінші шақырылымның төртінші сессиясында бейбітшілік, қоғамдық және этникааралық келісім мәселелері бойынша депутаттық ынтымақтастық тобы құрылды және тіркелді.

Құрамында: Амоева Бари Сотоевич № 9 сайлау округінен сайланған депутат; Мантариди Василий Анатольевич № 1 сайлау округінен сайланған депутат; Коваленко Владимир Михайлович № 13 сайлау округінен сайланған депутат; Илдырымов Гюлага Маис оглы № 25 сайлау округінен сайланған депутат; Коноплева Елена Викторовна № 30 сайлау округінен сайланған депутат; Оразалин Есжан Қабиұлы № 14 сайлау округінен сайланған депутат.

Бүгінгі күні депутаттық топ «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының депутаттық фракциясымен бірлесіп, көрші облыстармен шекаралық байланыстарды нығайту бойынша жүргізілетін іс-шараларға қатысып, бейбітшілік, қоғамдық және этникааралық келісім мәселелерін белсенді насихаттауда.

Депутаттар: Илдырымов Г.М., Коноплева Е.В. облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы жанындағы ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді белсенді насихаттауда.

Облыстық мәслихаттың депутаттары Түмен облыстық Мемлекеттік Думасымен экономикалық сипаттағы да, мәдени байланысты нығайту мәселелері бойынша да тығыз байланыста. Бейбітшілік, қоғамдық және этникааралық келісім жөніндегі депутаттық топ Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген, Алматы мәдениеті күндері іс-шараларына қатысты.

Ақпараттық-насихаттау тобы құрамында депутаттар ұжымдарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы І тоқсандағы жұмыс жоспарын орындауы туралы ақпарат

Есеп беріп отырған кезеңде облыстық мәслихаттың 2 сессиясы және 3 тұрақты комиссиялар отырысы өткізілді.

22 қаңтарда және 24 ақпанда өткізілген сессияларда 22 сұрақ қаралды. Олардың бәрі алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында департаменттер мен басқарма басшыларын, кәсіби үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырумен тыңдалды.

Тұрақты комиссиялар отырыстарында 12 сұрақ қаралды.

Өткен сессияларда облыстық мәслихат хатшысын сайлау және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Бесінші шақырылған облыстық мәслихат сессияларының 2012 жылға арналған негізгі сұрақтары бекітілді.

Ішкі істер департаменті басқармасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бағдарламасы мен Солтүстік Қазақстан облысында адамдарды саудалауға байланысты қылмысқа қарсы күрес, болдырмау және алдын алу бойынша іс-шаралар Жоспары бойынша есебі тыңдалды.

«2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралвы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне екі мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңға сәйкес сессияның құқықтық нормаларды белгілейтін шешімдері әділет органдарында тіркеуден өтті және мемлекеттік нөмір берумен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне тіркелді. Ү.ж. 1 тоқсанда әділет органдарында 3 нормативтік-құқықтық акт тіркелді.

Олар: «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралвы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне екі мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (екі мәрте)

2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары туралы.

Облыстағы атқарушы билік органдарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға халыққа коммуналдық қызмет көрсету, халықты әлеуметтік қорғау, заңдылықтарды сақтау және басқа мәселелерге қатысты депутаттық сұраулар жіберілді.

Комиссиядағы жұмыстар:

Экономика, экология, бюджет, салық және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия келесі мәселелер бойынша отырыстар өткізді:

1.Ұйымдастырушылық сұрақ - комиссия төрағасының орынбасарын, комиссия хатшысын сайлау;

2. 20120 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;

3. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерін көркейту туралы (Бірнеше аудан мен Петропавл қ. мысалында)

4. 2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкалары туралы.

Халықтың денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 1 отырыс өткізді, онда келесі сұрақтар қаралды:

1. Ұйымдастырушылық сұрақ - комиссия төрағасының орынбасарын, комиссия хатшысын сайлау;

2. 20120 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;

3. Бақылауда тұрған Өңірлік бағдарламаларды бақылаудан алу туралы.

4.2012 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша депутаттардың халықпен түсіндірме жұмысы туралы.

Депутаттық өкілеттік, азаматтар құқығы және заңдылықтар, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпараттармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия өз отырысында келесі сұрақтарды қарады:

1. Тұрақты комиссия төрағасының орынбасарын, комиссия хатшысын сайлау.

2. Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, азаматтар құқығы және заңдылықтар, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпараттармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 20120 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

3. 2012 жылға арналған облыстық мәслихаттың жұмыс жоспарын талқылау.

4. 2012 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауы бойынша депутаттардың халықпен түсіндірме жұмысы туралы.

Облыстық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларына үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты: Ж.Қиғарқызы Ахметова облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы, Е.С.Елеусізов облыстық Ардагерлер кеңеісінің төрағасы және басқалар.

Облыстық мәслихат аппараты қалалық және аудандық мәслихат хатшыларымен мәслихат аппараты басшыларымен семинар өткізді, онда келесі сұрақтар қаралды:

1. Ұйымдастырушылық сұрақ

2. Семинар-кеңес

а) Ғ.Мүсрепов ауданы мәслихатының тұрақыт комиссиясының жұмыс тәжірипбесі туралы

б) Петропавл қ. мәслихатының жұмыс тәжірибесі туралы.

ә) Депутаттардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша пікір алмасу.

Мәслихаттардың өзара қызметі бойынша Кеңесі құрылды.

Оның мақсаты мәслихаттар жұмысын жетілдіру, олардың қызметінің тиімділігін арттыру, олардың жоспарларын іске асыруға тәжірибелік көмек көрсету, сонымен қатар әріптестер арасында тәжірибе алмасу болды.

Облыстық мәслихат қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қамтамасыз етілді. Әсіресе сессияға әзірлік кезінде және оны өткізгеннен кейін белсенді жарияланды.

Осы кезеңде облыстық баспа беттерінде облыстық мәслихат жұмысына қатысты барлығы 4 мақала жарық көрді және хабарланды.    

Облыстық мәслихаттың 1,2 сессияларының ижұмысын облыстағы барлық алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдары жариялады.

БАҚ тілшілері облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын жариялайды.

Дата публикации
26 января 2022
Дата обновления
26 января 2022
Тип

Сейчас читают

22 сентября 2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
21 июля 2026
Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы
30 июня 2026
БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы