Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 430 850 835,5 мың теңге:
салықтық түсімдер – 30 690 973 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 520 177 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 465 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 2 984 279 мың теңге;
трансферттер түсімі – 390 653 941,5 мың теңге;
2) шығындар – 434 776 937 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 11 328 567,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 29 473 157 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 18 144 589,3 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -15 254 669,2 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -15 254 669,2 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 15 254 669,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 27 472 657 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 17 713 530 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 495 542,2 мың теңге.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві көлемі 5 392 602,6 мың теңге сомада бекітілсін.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Осы шешімнің 6-қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған облыстық бюджеттің шығысы 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары мен облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен берілген 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы |
|
В. Бубенко |