Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 465 835 553,1 мың теңге:

салықтық түсімдер – 73 229 250,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 6 567 707,9 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 33 287 мың теңге;

трансферттер түсімі – 386 005 307,7 мың теңге;

2) шығындар – 457 224 970,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 24 648 476,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 35 768 494,7 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 120 018 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 3 000 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 3 000 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -19 037 894,2 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) –  19 037 894,2 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –    19 037 894,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 26 145 286,4 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 9 205 754 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –                                  2 098 361,8 мың теңге.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. 2025 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық бюджеттерден және Петропавл қаласының бюджетінен түсетін 28 236 925 мың теңге сомадағы түсімдер қарастырылсын.

Аудандық бюджеттерден және Петропавл қаласының бюджетінен түсетін түсімдер сомасын бөлу «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.»;

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 6 581 641,9 мың теңге сомада бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы  осы шешімнің  қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда  жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының төрағасы

                  

                 В. Бубенко



Мәслихат шешімі қараша 2025
Дата публикации
21 ноября 2025