Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 85-бабының 2-тармағына, 87-бабына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 420 009 909 мың теңге:
салықтық түсімдер – 29 880 305 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 174 273 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 014 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 2 662 743 мың теңге;
трансферттер түсімі – 385 290 574 мың теңге;
2) шығындар – 418 334 309 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -10 609 202 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 609 202 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 12 284 802 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті – 12 284 802 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -12 284 802 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 12 284 802 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
- 2026 жылға облыстық бюджетке аудандардың және Петропавл қаласының бюджеттерінен түсетін түсімдердің жалпы сомасын бөлу мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
әлеуметтік салық бойынша:
Айыртау, Ақжар, Аққайың, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандары, Петропавл қаласы – 100 пайыз.
- 2026 жылға облыстық бюджеттен аудандардың бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар 4 266 463 мың теңге сомада белгіленсін, оның ішінде:
Ақжар – 785 848 мың теңге;
Жамбыл – 339 328 мың теңге;
Мағжан Жұмабаев – 737 096 мың теңге;
Мамлют – 92 861 мың теңге;
Тимирязев – 361 331 мың теңге;
Уәлиханов – 841 882 мың теңге;
Шал ақын – 1 108 117 мың теңге;
- 2026 жылға арналған аудандардың және Петропавл қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алымдар 53 353 944 мың теңге сомада белгіленсін, оның ішінде:
Айыртау – 241 406 мың теңге;
Аққайың – 82 540 мың теңге;
Есіл – 589 078 мың теңге;
Қызылжар – 1 169 320 мың теңге;
Ғабит Мүсірепов атындағы – 1 322 370 мың теңге;
Тайынша – 2 416 421 мың теңге;
Петропавл қаласы – 47 532 809 мың теңге;
- 2026 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтыны белгіленсін.
- Осы шешімнің 5-қосымшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі бекітілсін.
- Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 694 387 мың теңге сомада бекітілсін.
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін көрсетілген мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.
- Аудан бюджеттерінде ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуге шығыстар қарастырылсын.
- Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы қарызының лимиті 2026 жылға 204 151 175 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
- Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиті 2026 жылға 92 503 569 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының төрағасы
|
|
В. Бубенко
|