Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 бірлескен қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 "Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында жеке меншікке берілген кезде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне қосымша өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

 

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ МЕН ШЕШІМ

 

№ _________________

 

2025 жылғы 26 қыркүйек

 

Петропавл қаласы

 

город Петропавловск

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер
учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының
базалық мөлшерлемерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 бірлескен қаулысына
және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы
14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 бірлескен қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 40/8 шешіміне «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енізілсін:

көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) Осы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Републикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

2) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы бірлескен қаулысын және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы бірлескен қаулысының
және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысының

әкімі

 

Ғ. Нұрмұхамбетов

Солтүстік Қазақстан облыстық

мәслихаттың төрағасы

В. Бубенко

 

Приложение - каз
Дата публикации
24 сентября 2025