ЖОБА
|
Петропавл қаласы |
№ 29/_____ |
2024 жылғы 26 қыркүйек |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 24/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 465 860 765,6 мың теңге:
салықтық түсімдер – 73 529 722,5 мың теңге
салықтық емес түсімдер – 6 496 880,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 33 287 мың теңге;
трансферттер түсімі – 385 800 875,7 мың теңге;
2) шығындар – 457 184 084,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 28 581 554,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 38 431 277,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 9 849 723 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 1 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 1 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -21 404 873,3 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -21 404 873,3 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 21 404 873,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 28 306 996,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 9 000 485 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 098 361,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы |
|
В. Бубенко |