Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 48/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6585 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешімге 1-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының

төрағасы                                                                   В. Бубенко

4 Решение каз бланк
Дата публикации
30 июня 2025