Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 29 қыркүйекте № 33485 болып тіркелді
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Жұмағали |
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі – қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын мемлекеттік орган және (немесе) оның ведомствосы, мемлекеттік ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері –мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге жеке және заңды тұлғалар.
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
4) сот төрелігі;
5) жедел-іздестіру қызметі;
6) қылмыстық-атқару қызметі;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтініші және уәкілетті органның оны жүргізу туралы шешімінің;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдарының;
4) әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері негізінде қабылданады.
Осы Қағидалардың 5-тармағы 2) тармақшасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі уәкілетті органды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.
Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы қағидалардың 5-тармағы 1), 2) және 4) тармақшалары бойынша бірлескен шешімді уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасауға бастамашылық жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау осы Қағидалардың 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде міндетті түрде жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешім тапсырма келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 2) және 4) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жүргізуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде оны өткізу мерзімін ауыстыру мүмкіндігімен бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін оның бастамашысына ұсынады.
Бас тарту себептерін жойған кезде, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге қайта бастамашылық жасауға құқылы.
1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын бөлімшенің атауы;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін жұмыс тобының құрамы;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаумен қамтылатын кезең;
5) уәкілетті орган және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге және басшылық ету, үйлестіру және жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік жүктелетін лауазымды адамдар туралы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешім қабылдаған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі және уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын бағыттар тізілімін бекітеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ол сыртқы талдау объектісінде болған жағдайда, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және (немесе) сарапшылары тартылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі оны жүргізуге кедергі келтіретін ерекше жағдайларда – уәкілетті органның бірінші басшыларының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешім негізінде оларды жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты түсіндірмелер беру;
3) байқалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлау;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын заңнама нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.
1) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес талдамалық анықтама жасай отырып, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау;
2) талдамалық анықтаманы осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарына сәйкес келісу және қол қою;
3) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шараларды қабылдау.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) персоналды басқару;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын орындау;
5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;
6) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және өзге де актілер, құжаттар;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынатын оның бағыттары бойынша мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты бұрын мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдарын анықтау және жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері болып табылады.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары
Талдамалық анықтамамен келіспеген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі жұмыс тобына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде келіспеу себептерінің негіздемесін ұсынады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынған келіспеу себептерінің негіздемелерімен келіскен жағдайда, жұмыс тобы талдамалық анықтаманы олар ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде пысықтайды.
Егер жұмыс тобы келіспеу себептерінің негіздемелерімен келіспесе, уәкілетті орган осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің негізді бас тартуын қоса бере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің жоғары тұрған органына талдамалық анықтаманы келісу үшін жібереді, ол болмаған кезде талдамалық анықтаманы уәкілетті органның жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің талқылауына шығарады.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына ұсынылады;
2) уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің интернет-ресурстарында құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету ескеріле отырып орналастырылады.
Іс-шара, оның орындаушылары, аяқталу формасы және орындалу мерзімі іс-шаралар жоспарында айқындалады.
Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісін уәкілетті орган тоқсан сайын хабардар етеді.
Мониторинг жүргізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық ақпаратты уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып жолдайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.
|
|
Сыбайлас жемқорлық |
|
||
|
|
Нысан |
|
||
|
Бекітемін ____________________________ (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі басшысының лауазымының атауы, тегі, аты-жөні) ____________________________ (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі басшысының қолы) 20__ жылғы "____" ___________ |
|
Бекітемін ____________________________ (уәкілетті орган басшысының тегі, аты-жөні, лауазымының атауы) ________________________________ (уәкілетті орган басшысының қолы) 20__ жылғы "____" ___________ |
||
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын бағыттар ТІЗІЛІМІ
|
р/с № |
Бағыттар тізбесі |
Негіздеме |
|||
|
қажет |
қажет емес |
||||
|
1. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер |
|
|
||
|
2. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметі |
|
|
||
|
2.1. |
Персоналды басқару |
|
|
||
|
2.2. |
Мүдделер қақтығысын реттеу |
|
|
||
|
2.3. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету |
|
|
||
|
2.4. |
Рұқсат беру функцияларын орындау |
|
|
||
|
2.5. |
Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру |
|
|
||
|
2.6. |
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану |
|
|
||
|
2.7. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (негіздемемен) |
|
|
||
|
|
Сыбайлас жемқорлық |
|
|||
|
|
Нысан |
|
|||
|
|
Бекітемін |
|
|||
______________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
р/с№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау формасы |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
||
|
1. |
|
|
|
|
|
||
|
|
Сыбайлас жемқорлық |
|
|||||
|
|
Нысан |
|
|||||
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы: _____
____________________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі: _______
Талдамалық анықтамаға қол қойылған күн:_____________
|
р/с№ |
Ұсыным |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау формасы |
Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
|
1. |
|
|
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК