«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы 2023 жылғы 29
қыркүйектегі № 307
бұйрығымен бекітілген/
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі – қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын мемлекеттік орган және (немесе) оның ведомствосы, мемлекеттік ұйым, квазимемлекеттік сектор субъектісі;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері –мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге жеке және заңды тұлғалар.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу;
4) сот төрелігі;
5) жедел-іздестіру қызметі;
6) қылмыстық-атқару қызметі;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтініші және уәкілетті органның оны жүргізу туралы шешімінің;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдарының;
4) әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері негізінде;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде қабылданады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы Қағидалардың 5-тармағы 2) және 5) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі уәкілетті органды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.
Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 4) және 5) тармақшалары бойынша бірлескен шешімді уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасауға бастамашылық жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау осы Қағидалардың 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде міндетті түрде жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешім тапсырма келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 4) және 5) тармақшалары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау жүргізуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде оны өткізу мерзімін ауыстыру мүмкіндігімен бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін оның бастамашысына ұсынады.
Бас тарту себептері ауыстырылған мерзімге дейін жойылған жағдайда уәкілетті орган немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді қайта бастамашылық жасауға құқылы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын бөлімшенің атауы;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетін уәкілетті органның лауазымды адамдары туралы;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаумен қамтылатын кезең;
5) уәкілетті орган және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге және басшылық ету, үйлестіру және жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік жүктелетін лауазымды адамдар туралы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешім қабылдаған кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі және уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын бағыттар тізілімін бекітеді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге, сондай-ақ оның нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ол сыртқы талдау объектісінде болған жағдайда, Қоғамдық кеңес мүшелерін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі оны жүргізуге кедергі келтіретін ерекше жағдайларда – уәкілетті органның бірінші басшыларының және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқаратын не олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың бірлескен шешім негізінде оларды жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау жолымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты түсіндірмелер беру;
3) байқалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлау;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын заңнама нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес уәкілетті орган талдамалық анықтама жасай отырып, осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинау, қорыту және талдау;
2) талдамалық анықтаманы осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарына сәйкес келісу және қол қою;
3) осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша шараларды қабылдау.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1) персоналды басқару;
1-1) квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның қызметі;
2) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын орындау;
5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;
6) цифрлық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 № 52 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық және өзге де актілер, құжаттар;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынатын оның бағыттары бойынша мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің деректері;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты бұрын мемлекеттік органдар жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдарын анықтау және жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері болып табылады;
11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша заңды күшіне енген сот актілері;
12) әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда орналастырылған жарияланымдар, өтініштер және өзге де мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органға келіп түскен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты қамтитын материалдар.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 № 52 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертулер болған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі талдамалық анықтаманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган келіп түскен ескертулерді қарайды және негіздер болған кезде талдамалық анықтамаға тиісті өзгерістер енгізеді.
Белгіленген мерзімде ескертулер ұсынылмаған жағдайда талдамалық анықтама келісілген болып есептеледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің ескертулерімен келіспеген жағдайда уәкілетті орган талдамалық анықтаманы негізделген бас тартуымен бірге келісу үшін оның жоғары тұрған органына жібереді, ал ондай орган болмаған жағдайда талдамалық анықтаманы уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің жанынан құрылған қоғамдық кеңестердің қарауына шығарады.
Жүргізілген келісу қорытындысы бойыша талдамалық анықтамаға уәкілетті орган қол қояды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына ұсынылады;
2) уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің интернет-ресурстарында құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету ескеріле отырып орналастырылады.
Іс-шара, оның орындаушылары, аяқталу формасы және орындалу мерзімі іс-шаралар жоспарында айқындалады.
Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісін уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптік жауаптылықта болады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 № 52 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Нысан
|
Бекітемін ________________ (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі басшысының лауазымының атауы, тегі, аты-жөні) ________________________________ (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі басшысының қолы) 20__ жылғы «____» ___________ |
Бекітемін ________________ (уәкілетті орган басшысының тегі, аты-жөні, лауазымының атауы) ________________________________ (уәкілетті орган басшысының қолы) 20__ жылғы «____» ___________ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға жататын бағыттар ТІЗІЛІМІ
|
№ п/п |
Бағыттар тізбесі |
Негіздеме |
|
|
Қажет |
Қажет |
||
|
1. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер |
||
|
2. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметі |
||
|
2.1. |
Персоналды басқару |
||
|
2.2. |
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның қызметі |
||
|
2.3. |
Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу |
||
|
2.4. |
Мемлекеттік қызметтер көрсету |
||
|
2.5. |
Рұқсат беру функцияларын орындау |
||
|
2.6. |
Бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру |
||
|
2.7. |
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану |
||
|
2.8. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер (негіздемемен) |
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
____________________________
(сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін сыртқы талдау
объектісі басшысының
лауазымының атауы,
тегі, аты-жөні)
____________________________
(сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін сыртқы талдау
объектісі басшысының
қолы)
20__ жылғы «____» ____________
______________________________________________________________ (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
р/с№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау формасы |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
|
1. |
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне сыртқы талдау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.08.2026 № 142 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің атауы: ______________________________________
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мерзімі: _______
Талдамалық анықтамаға қол қойылған күн:_________________________________
|
№ р/с |
Ұсыным |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау формасы |
Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етке себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер |
|
1. |
|