2025 жыл 20 қаңтар Петропавл қаласы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңының 8 – бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет шстері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Жүргізудің үлгілік қағидаларына» (бұдан әрі –үлгілік қағидалар) сәйкес «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» КММ- 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №23-ОД өкімімен 2022 жылғы он бір ай ішінде аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргзілді.
Үлгілік қағидалардың 8 – тармағына сәйкес аппарат қызметіне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анықтау;
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Үлгілік қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұйымдастыру-басқару қызметі деп мына мәселелер түсініледі:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) ұйымдастыру- басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Бірінші бағыт бойынша: «аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құққықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау»:
Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құққықтық актілерді және ұйымдастыру-басқару қызметін жоғарыда көрсетілген өлшемшарттар бойынша зерделеу кезінде ішкі талдау мыналарды көрсетті.
Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын;
- 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын;
- Президенттің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы» Жарлығын;
- 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын;
- 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа алады.
Бұдан басқа, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдармен және басқа нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.
Екінші бағыт бойынша: «аппараттың ұйымдастыру- басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау»:
Персоналды басқару және кадрлардың ауысуы мәселесі бойынша:
Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 6 адамды құрайды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аппарат құрылымы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының жалпы отырыстарында бекітілді.
Мәслихат аппаратының құрамын аппарат басшысы, аппарат басшысының орынбасары және 4 қызметкер (4 бас инспектор) құрайды.
Жақын туыстары атқаратынлауазымдардарға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері жоқ.
Мәслихат аппараты басшысының орынбасары лауазымының бос болуына байланысты 2024 жылғы 28 наурыз бен 15 сәуір аралығында лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізілді.
Конкурсқа қатысуға төрт өтінім берілді: Самарқанов Н., Мұстафин Е., Кужумов А., Сәбитов А.
Байқау қорытындысы бойынша А.Б. Кужумов мәслихат аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Негізгі қызметкердің (А.Б. Кужумов) оқу мерзіміне 2024 жылғы 30 қыркүйекте Е-қызмет интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мәслихат аппараты басшысының орынбасарының уақытша бос лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізілді.
Байқауға екі үміткер қатысты: Мушанов Т.Е., Тайшабай Д.Қ.
Байқау қорытындысы бойынша Д.К. Тайшабай мәслихат аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2024 жылғы 30 қазанда бас инспектор-бас бухгалтер Оспанова Қ.Е. қызметінен босатылуына байланысты. Мәслихат аппаратының бас инспекторы-бас бухгалтері бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Е-қызмет интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жалпы конкурс өткізілді.
Конкурсқа бір үміткер қатысты – Слончак Л.В.
Байқау қорытындысы бойынша Л.В. Слончак бас инспектор – бас есепші қызметіне тағайындалды.
Олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болатындай мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақтылы табыс етті.
Талдау жүргізу кезінде барлық мемлекеттік қызметшілердің істерінде шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер бар.
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшысымен үлестестігі, Мемлекетттік сатып алу, мүлікті, активтерді сатып алу не сату және т.б. кезінде лауазымды тұлғалардың үлестестігі, жақын туыстарының, ерлі зайптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы), лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерлер мен тыйымдарды бұзу фактілері жоқ.
Ағымдағы жылдың талданып кезеңінде мемлекеттік қызметке нұсқан келтіретін әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері жоқ.
Сондай-ақ, аппарат қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері жоқ.
2024 жылғы 19 желтоқсанда тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласында жол берген заң бұзушылықтар үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке кадр жұмысы жөніндегі бас инспекторы Белекеева Л.С.
Аппараттың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарымен таныстырылды.
Стандарт Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сайтында орналастырылған.
Ұсыныс:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдардың талаптарын қызметкерлердің тиісінше сақтауын қамтамасыз ету.
Мүдделер қақтығысын реттеу мәселесі бойынша:
2024 жылдың аппарат қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша:
Ережеге сәйкес Аппарат Мемлекеттік қызмет көрсетпейді және лицензиялар мен рұқсат беру сипатындағы басқа да құжаттарды берумен айналыспайды.
Рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:
Аппарат лицензия және рұқсат беру сипатындағы басқа да құжаттарды берумен айналыспайды.
Бақылау беру функцияларын іске асыру мәселесі бойынша:
Ережеге сәйкес аппаратқа бақылау және қадағалау функцияларын берілмеген.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселесі бойынша:
2024 жыл ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілді.
Аппаратта жүргізілген тексерулер
Талданып отырған кезеңде аппаратта бақылаушы органдардың тексеруі жүргізілген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау практикасы
Ағымдағы жылдың он бір айында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына Жеке және заңды тұлғаларына 107 өтініш келіп түсті. Мәслихат төрағасының, тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың төрағаларының және аппарат басшысының орынбасарының жеке қабылдайды.
Келіп түскен өтініштер әр түрлі сипатта, олар қаралап, заңнамаға сәйкес немесе түсіндірме беру жолымен шешілді. Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен ақпараттық-талдау жүйесіне және Е-Otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай плантормасында тіркелді.
Сайтта Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы No 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі No 307 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау орналастырған.
«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілері мінез- құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы облыстық мәслихат аппараты басшысының 2017 жылғы 4 қаңтардағы №3 –ө бұйрығы.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысының, аппарат басшысының және оның орынбасарының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі. Азаматтарды қабылдау кестесі , сенім телефоны туралы ақпарат сайтта, стендте және ресми БАҚ- та орналастырады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты хатшысы мен депутаттар азаматтарды қабылдау кестесін тоқсан сайын аппарат сайтында және жергілікті баспасөз басылымдарында орналастырды.
Сондай-ақ аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар фактілерін жасауға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Аппараттың өз функцияларын іске асыруы кезінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және нормативтік құқықтық актілерді қолдану барысында Қолданыстағы заңнама талаптарын басшылыққа алу қажет.
Жыл ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді, прокурорлық қадағалау актілерін, сот актілерін және басқа да мәліметтерді қолдану бойынша қандай да бір жарияланымдар жоқ.
Аппараттың
бас инспектор- заңгері А. Құдабаева