О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Северо-Казахстанской области от 29 марта 2024 года № 12/4 «Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из областного бюджета» с приложением

         Петропавл қаласы                                                                                                         город Петропавловск                                                                                                               

 

жоба

 

 

«Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар              жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 12/4 шешіміне

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы  29 наурыздағы № 12/4 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.»;

4-қосымша осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Лауазымы

 

ТАӘ

 

Дата публикации
27 марта 2025