Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезекті 23 сессиясы 2025 жыл

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезекті 23 сессиясы 2025 жылғы 28 наурызда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.

 

Күн тәртібі:

  1. 2024 жылғы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты қызметінің қорытындысы туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  3. Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларын іске асыру барысы туралы.
  4. «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  5. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 4 қазандағы № 37/4 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамын анықтау туралы.
  7. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 24/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  9. Әртүрлі. 

 

Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.

          Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty

Дайындауға жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.

Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz

Дата публикации
18 марта 2025