Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 442 129 342 мың теңге:

салықтық түсімдер – 60 944 742,1 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 3 018 878 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 188 мың тенге;

трансферттер түсімі – 378 157 533,9 мың теңге;

2) шығындар – 439 320 865,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 490 323,6 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 20 368 063,7 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 13 877 740,1 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 148 560 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 148 560 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 830 407,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 830 407,1 мың теңге:

қарыздар түсімі – 14 619 248 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 31 337 360,9 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 20 548 520 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 апреля 2024