Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 438 812 728,9 мың теңге:
салықтық түсімдер – 59 224 132 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 776 381 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 188 мың тенге;
трансферттер түсімі – 378 804 027,9 мың теңге;
2) шығындар – 443 022 590,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 490 323,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 20 368 063,7 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 13 877 740,1 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 148 560 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 148 560 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 848 745,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 10 848 745,1 мың теңге:
қарыздар түсімі – 14 619 248 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 20 311 566,6 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 16 541 063,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.