Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 438 822 627,6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 59 224 132 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 774 556 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 188 мың тенге;

трансферттер түсімі – 378 815 751,6 мың теңге;

2) шығындар – 423 335 331,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -806 624 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 13 007 472 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 13 814 096 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 16 293 920,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -16 293 920,5 мың теңге:

қарыздар түсімі – 12 333 674 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 34 615 391 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 987 796,5 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің шығысы 2024 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары мен облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен берілген 2023 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2024 жылға арналған Солтүстiк Қазақстан облыстық бюджеті
Дата публикации
17 февраля 2024