Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
1) Азаматтық хал актілерін тіркеу органы (бұдан әрі – тіркеуші орган) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерін жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы».