Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі, 38 үй мекенжайда орналасқан тел./факс 462561, 464474, элекрондық мекенжайы obl-maslihat@sqo.gov.kz «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» КММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Аппарат басшысының орынбасары
(1 бірлік)
D-2 санаты («А» функционалдық блогы)
лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне қарай
410720 теңгеден 471788 теңгеге дейін
Негізгі қызметтік міндеттері:
Облыстық мәслихат аппаратына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдармен, облыстық мәслихат регламентімен, облыстық мәслихат аппараты туралы ережемен, лауазымдық міндеттермен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен жүктелген миссиялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Облыстық мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мәслихаттың жұмыс органдарымен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заң ережелерін сайлау комиссияларын қалыптастыру бөлігі бойынша орындауды, ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аппараттың жұмыс жоспарының жобасын аппарат басшысына бекітуге енгізеді, тұрақты комиссиялардың ұсыныстары бойынша мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер тізбесінің жобасын дайындайды;
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен сессияларының отырыстарын өткізуді, депутаттарды, облыс әкімін, оның орынбасарларын, атқарушы органдардың, сондай-ақ қаралатын мәселелерге қатысы бар ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын хабардар етуді бақылайды;
Мәслихат сессияларына материалдарды уақытылы дайындауды, жобалар мен қабылданған шешімдерді пысықтауды, ресімдеуді және мәслихат жұмысының регламентіне сәйкес мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, халықтың назарына жеткізуді қамтамасыз етеді және бақылайды.
Сессиялардың күн тәртібінің жобаларын дайындайды, мәслихат шешімдерінің және жетекшілік ететін тұрақты комиссия қаулыларының жобаларын әзірлейді. Сессияға дайындық кезеңінде қажетті ақпаратты сұратады және жинақтайды, сөз сөйлеушілер мен шақырылған лауазымды адамдардың тізімін қалыптастырады, оларды хабардар етуді, сессияға келген шақырылғандарды тіркеуді ұйымдастырады және бақылайды.
Мәслихатқа бекітуге ұсынылған НҚА жобаларының заңнамаға сәйкестігін қарайды, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақытылы жіберілуін бақылайды. Заңнамада көзделген құзыреті шегінде НҚА жобаларын келіседі.
Сессияларды дайындау және депутаттардың өз өкілеттіктерін орындауы кезеңінде бюджет, қаржы, экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады, тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың төрағаларымен ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
Облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жетекшілік етеді және оның жұмысын жоспарлауға жәрдемдеседі, жетекшілік ететін тұрақты комиссия қызметінің бағыттары бойынша мәслихат сессиялары шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады.
Азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, қызметтік тергеулер жүргізеді.