Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ШЕШТІ: 

  1. «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/1 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25929 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 410 700 332 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 40 313 491,3 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 2 902 573,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 848 621 мың тенге;

трансферттер түсімі – 366 635 645,9 мың теңге;

2) шығындар – 384 755 978,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 9 472 420,5 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 22 564 304,2 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 13 091 883,7 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 29 955 154 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 29 955 154 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -13 483 220,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                      13 483 220,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 12 928 434 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 11 634 828,8 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 189 615,7 мың теңге.»;

9-тармақта:

мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:

«57) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің нормативтік оқу жүктемесінің төмендеуіне байланысты төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге.»;

16-тармақ мына редакцияда жазылсын:

«16. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 122 445,5 мың теңге сомасында белгіленсін.».

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының                 хатшысы

 

 

 

В. Бубенко

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/1 «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
08 июня 2023