Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШТІ: 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық  бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 397 818 250,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 43 973 425 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 444 278,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 081 мың тенге;

трансферттер түсімі – 352 397 466,1 мың теңге;

2) шығындар – 376 527 438,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 22 785 630,3 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 36 920 685,3 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 135 055 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 500 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу –  2 500 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 994 817,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                      3 994 817,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 26 939 474 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 34 053 339,7 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –                                       11 108 683,6 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:     

«10-1. 2023 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде:

1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға;

2) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

3) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға;

4) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;

5) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялауға;

6) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға.

Республикалық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. 2023 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде:

1) «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынған орта білім беру объектілерін күтіп-ұстауға;

2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға;

3) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге;

4) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын                                  материалдық-техникалық жарақтандыруға.

Республикалық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.»;

12-тармақ мынадай мазмұндағы  4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға;

5) көлік инфрақұрылымын дамытуға;

6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;

7) арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялық аймақтардың, индустриялық парктердің инфрақұрылымын дамытуға;

8) «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

9) «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;

10) жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

11) облыс орталықтарында инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы  4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға.»;                          

мынадай мазмұндағы  14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. 5-қосымшаға сәйкес 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыстары 2023 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары мен облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен берілген 2022 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы

 

 

 

     В.Бубенко

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
08 июня 2023