«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы  5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы  16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса берілген «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешім ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімның орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Дата публикации
14 апреля 2023