Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ШЕШТІ: 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2023 – 2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық  бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 374 736 262,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 43 973 425 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 432 630 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 081 мың тенге;

трансферттер түсімі – 329 327 126,1 мың теңге;

2) шығындар – 351 954 942,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -879 594 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 13 255 461 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 135 055 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 500 000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2 500 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 21 160 913,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  -21 160 913,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 3 485 000 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 33 029 227 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –  8 383 313,3 мың теңге.»;

 

мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

«14-1. 5-қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары мен облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен берілген 2022 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің шығысы қарастырылсын.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
14 апреля 2023