2022 жыл 20 желтоқсан Петропавл қаласы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңының 8 – бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет шстері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Жүргізудің үлгілік қағидаларына» (бұдан әрі –үлгілік қағидалар) сәйкес «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» КММ- 2022 жылғы 24 қарашадағы №25-ОД өкімімен 2022 жылғы он бір ай ішінде аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргзілді.
Үлгілік қағидалардың 8 – тармағына сәйкес аппарат қызметіне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анықтау;
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Үлгілік қағидалардың 10-тармағына сәйкес ұйымдастыру-басқару қызметі деп мына мәселелер түсініледі:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) ұйымдастыру- басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.