Қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы АҚПАРАТ (Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы актілері бойынша)

2022 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 24 нормативтік құқықтық акті қабылдады.

  1. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 98-VII ҚРЗ заңын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапты қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мына шешімдер қабылданды:

- 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 «Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы»;

- 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/4 «Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы»;

- 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/5 «Солтүстік Қазақстан облысының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы».

  1. Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Су кодексіне ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 411-VI ҚРЗ заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен шешім қабылданды:

- 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы».

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді есептеу әдістемесінің негізінде Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына сәйкес «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы» шешім қабылданды:

- 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 16/2 «2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздерінен бір ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы».

  1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес шешім қабылданды:

- 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы».

  1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45 бабы 4 тармағына сәйкес шешім қабылданды:

-  2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/2 «Облыстық бюджет пен  2023-2025 жылдарға арналған аудандар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы».

  1. Мәслихаттың 16 нормативтік құқықтық шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
  2. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 20/12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы» 2022 жылғы 16 наурыздағы № 15/15 шешім қабылданды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін жергілікті жерлерде тиісті өкілетті органдар іске асырады.

 

ИНФОРМАЦИЯ о реализации принятых законодательных актов (по актам Северо-Казахстанского областного маслихата за 2022 год)
Дата публикации
17 февраля 2023