«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі  40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 25-бабына, «Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентінің 79-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы Үлгілік ережеге  сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдык мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Дата публикации
02 декабря 2022