жоба
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/1 «2022-2024 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 409 935 654,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 39 550 754,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 2 376 879,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 848 621 мың тенге;
трансферттер түсімі – 367 159 399,6 мың теңге;
2) шығындар – 383 395 967,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 13 827 304,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 25 414 684,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 587 380,1 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 29 955 154 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 29 955 154 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -17 242 771,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 17 242 771,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 16 039 872 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 10 997 177,8 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 12 200 077 мың теңге.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:
«57) мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің нормативтік оқу жүктемесінің төмендеуіне байланысты төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
|
|
В. Бубенко |