Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/2 «Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/2 «Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 433 306 223,9 мың теңге:

салықтық түсімдер – 31 006 196,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 8 203 400 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 60 298 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 2 984 279 мың теңге;

трансферттер түсімі – 391 052 050,7 мың теңге;

2) шығындар – 437 624 876,6 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 41 404 626 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 59 973 651 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 18 569 025 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –                              -17 484 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 17 484 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -45 705 794,7 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) –                              -45 705 794,7 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                          45 705 794,7 мың теңге:

қарыздар түсімі – 57 593 939 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 17 762 898,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –                                  5 874 754,2 мың теңге.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. 2026 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың және Петропавл қаласының бюджеттеріне нысаналы трансферттер, кредиттер көзделсін.

Көрсетілген трансферттерді, кредиттерді бөлу «Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.»;

8-2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «8-2. 2026 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық бюджеттерден 398 108,2 мың теңге сомада түсімдер қарастырылсын.

Аудандық бюджеттерден түсетін түсімдер сомасын бөлу «Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан

облыстық мәслихатының төрағасы

                  

                 В. Бубенко



Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/2 «Солтүстік Қазақстан облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
31 августа 2026