Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Су кодексінің» 26-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің                            2025 жылғы 22 тамыздағы №306 «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метріне төлемақы мөлшері бекітілсін:

         1) тұтыну нормативі шегінде өз мұқтажы үшін ауыз суды пайдаланатын халық үшін 1 текше метр ауыз су үшін - 120 теңге;

         2) ауыз суды өз мұқтажы үшін пайдаланатын халық үшін суды тұтыну нормативтері бір адамға тәулігіне 140 литр көлемінде асып кеткен жағдайда
1 текше метр ауыз су үшін - 156 теңге.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 июня 2026