«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29410 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.