Қоныс аударушылар жеке балабақша ашты

Қоныс аударушылар жеке балабақша ашты

Бұл жайында әлеуметтiк желiлерде СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жазды.

«Жұмыс күшi көп аймақтардан солтүстiкке қоныс аударған ағайынның қарасы қалың. Баспаналы болып, кәсiбiн дөңгелеткен азаматтар жетерлiк. Солардың бiрi — Орынбек Төлепберген. Былтыр ол жанұясымен Тимирязев ауданына көшiп келдi. Өзiмен бiрге Түркiстан облысынан 15 отбасыны көшiрiп әкелдi. Тимирязевте үйлердi салып, әрбiрi 1.5 млн. теңгеден еңбекақы алды. Сөйтiп, өздерi салған үйлерге қоныстанды.

Жiгiттер маңдай терiмен тапқан 23 миллион теңгеге ғимаратты қалпына келтiрiп, Тимирязевте жеке балабақша ашты. Орынбек бастаған жiгiттер биыл да баспана тұрғызып жатыр. Алдағы уақытта ферма салуды көздеп отыр. Солтүстiкке келiп, сәттi жұмыс iстеп, бизнес бастауға мүмкiндiктер мол», — дедi Құмар Ақсақалов.