
Бүгін облыс орталығында Наурыз мейрамының қарсаңында барлық аудандардың қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге бүкіл облыстан 100 шақты агрокәсіпорын ет, сүт, балық және көкөніс өнімдерін әкелді. Сондай-ақ келушілер макарон және кондитерлік өнімдерді, жұмыртқа, бал сатып алды. Жәрмеңкеде барлығы 500 тоннадан аса өнім сатылды.