Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау

Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау

Мемлекет басшысының халықпен жұмыс істеу тәсілдерін қайта форматтау туралы тапсырмасын орындау аясында «Тыңдаушы мемлекет» концепциясына сәйкес Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті.

Қабылдауға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, Петропавл әкімінің орынбасары Сергей Мелехов, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев, сондай-ақ қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың директорлары мен  қызметтер қатысты.

Қабылдауға 12 азамат түрлі мәселелермен жүгінді. Барлық сұрақтарға түсініктемелер беріліп, мәселелер бақылауға алынды.

Жақын арада денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жоспарлануда.