
Солтүстікқазақстандық парашаңғышылар тағы да жеңіс тұғырында! Ербол Хамитов пен Александр Герлиц халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетті.
🏅 Ербол Хамитов Қазақстанға Норвегиядағы әлем чемпионатында спринт бойынша қола медаль әкеліп, сондай-ақ Әлем кубогында жекелей жарыста күміс, спринтте қола жеңіп алды.
🏅 Александр Герлиц Әлем кубогында жекелей жарыста күміс жүлдегер, ал спринтте қола жүлдегер атанды.
Спортшылар мен олардың бапкерлерін жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!