Солтүстiк Қазақстанда 900 балаға шақталған қазақ мектебi ашылды

Солтүстiк Қазақстанда 900 балаға шақталған қазақ мектебi ашылды

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов «Жас-Өркен» ықшам ауданында салынған жаңа мектептi аралады.

Облыста соңғы жылдары бiрiншi сыныпқа баратын оқушылардың саны өсуде. 2018 жылы 7,7 мың, 2019 8,5 мың бала бiрiншi сыныпқа барды. Биыл 9 мыңнан аса оқушы бiрiншi сыныпта оқымақ.

Жаңа мектептердi салу арқылы үш ауысымдық оқу жойылуда. Былтыр «Береке» ықшам ауданында жаңа мектеп ашылды. Уәлиханов көшесiнде тағы бiр мектеп бой көтеруде. Жаңа оқу жылында Бескөлдiк балалар да жаңа мектептiң табалдырығын аттайды.

«Жаңа мектепке алтыншы мектеп ауысты. Ескi мектеп тар едi. 200 балаға ғана шақталған мектепте 600 бала оқитын едi. Екi жыл бұрын мектеп салу жөнiнде шешiм қабылдадық. Ендi бұл мәселе шешiлдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы колледждерде қондырғыларды жаңарту жұмысымен де танысты. Жұмабаев атындағы колледже 3D моделдеу, робототехника, веб дизайн кабинеттерi ашылды. Петропавл кәсiби кәсiби-педагогикалық колледжде автомашиналарды жөндеу және тексеру цехi ашылды.