СҚО-да қалалық мұғалiмдерге баспана сертификаттары берiледi

СҚО-да қалалық мұғалiмдерге баспана сертификаттары берiледi

Бұл жөнiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов тамыз конференциясында мәлiмдедi.

«2021 жылы қалада тұратын бiлiм саласының қызметкерлерiне баспана сертификаттарын беру үшiн бюджеттен 250 млн. тг. бөлiнедi. Бiр мұғалiм 1 млн. тг. ала алады», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жалпы облыста жыл санап бiлiм саласына бөлiнген қаржы өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда 32% көбейдi. Бұл 87 млрд. тг. немесе облыс бюджетiнiң 30%.