СҚО-да жолдардың 11% жөнделуде

СҚО-да жолдардың 11% жөнделуде

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында жолдарды жөндеу мәселесi талқыланды.

Биыл 2017 жылмен салыстырғанда жол торабын жөндеуге 1,5 есе көп қаржы бөлiндi. Барлығы 1 мың шақырым жол жөнделмек. Бұл облыстағы жолдардың 11%.

Ауылдардың iшкi жолдарын жөндеуге де қаржы көп бөлiндi. Екi жыл бұрын 6 ауылда ғана жөнделсе, биыл 74 ауылда жүргiзiлуде.

Облыс әкiмi мердiгерлердiң жауапкершiлiгiн күшейтiп, бақылауды нығайтуды тапсырды. Облыс аумағында сапасыз жол iстеген компаниялар бұдан әрi жұмыс iстеуге қақылары жоқ.

«Жүк машиналарына бақылауды күшейту қажет. Олар жолды бұзуда. Әсiресе, орақ кезiнде нормадан тыс астық тасымау керек. Ауылдарда арнайы аркалар қойып, үлкен техниканың жүруiне бөгет жасау керек», — дедi Құмар Ақсақалов.