Мамлют ауданындағы Новомихайловка ауылында облыс әкiмiнiң қатысуымен семинар-жиналыс өттi. Жиынға аудан әкiмдерi мен диқандар жиналды.
Бүгiнде Новомихайловка ауылы үлгiлiлердiң қатарында. Жергiлiктi шаруалар тұрғындар мен жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызып, үйлер салуда.
«Бiз болашағы бар ауылдарды дамытуымыз керек. Егер шаруалар ауылға су және жол тартуды сұраса, бiз көмектесемiз. Сiздердiң мақсатыңыз — осының барын сақтап, жұмысшыларға бар жағдайды жасау», — дедi Құмар Ақсақалов.