
Облыстық әкiмдiктiң отырысында 7 айдың қорытындылары шығарылды.
Үш ай қатарынан облыс экономикасы қарқындап дамып жатқан өңiрлер тобында. Барлық басты салалар бойынша өсiм байқалады.
Өнеркәсiптiң дамуы бойынша облыс өңiрлер арасында көш басына шықты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту және құрылыста жоғары даму қарқыны қамтамасыз етiлдi.
«Оң көрсеткiштер жыл соңына дейiн сақталу керек. Оған мүмкiндiк бар. Ең алдымен, рекордтық бюджет негiз болады. Соңғы айда бiз шығындарды 2 млрд. теңгеге өсiрдiк. Бүгiн облыс бюджетi 324 млрд. теңгенi құрайды. Еске сала кетейiн, жыл басында 64 млрд. теңгеге аз болатын. 7 айдың iшiнде бюджет 25 процентке өстi», — дедi Құмар Ақсақалов.