
Пандемия бiздiң күнделiктi өмiрiмiзге ғана емес, сонымен қатар балаларды оқыту жүйесiне де өзгерiстер енгiздi.
Екi аптадан кейiн басталатын жаңа оқу жылына мектептер дайындалуда.
Мектептерде күрделi жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы 142 мектеп жаңарса, биыл 107 бiлiм ордасы жөнделмек. Осылайша, екi жыл iшiнде бiз өңiр мектептерiнiң жартысын жаңартамыз.
Үш мектеп салынуда. Жаңа оқу жылында Жас Өркен ықшам ауданында 900 орындық және Бескөлде 300 орындық заманауи екi мектеп ашылады.
Бүкiл мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етiлдi. Мектептердiң көлiк паркi 43 автобуспен жаңарды.
231 мектепке жиһаз және 324 мектепке спорт құралдары алынды.
Компьютерлер жаңартылуда. Соңғы үш жылда 1 600 бiрлiк сатып алынды. Биыл карантин кезiнде үнемдеу есебiнен 580 компьютер алынып, оқушыларға таратылды.
Оған қоса, тағы 14 мың бiрлiк техника аламыз. Бұл ноутбуктар, компьютерлер және планшеттер.
Биыл алынатын техника соңғы 10 жылдағы компьютерлердiң санымен тең.
***
Бiлiм беру мекемелерiнiң жұмысына жеке тоқталайын.
Мектепке дейiнгi мекемелер
Балабақшаларда бiр топта 15 баладан аспайтын кезекшi топтар болады. Жұмыс iстейтiн ата-аналардың балалары қабылданады. Жағдай жақсарған кезде толық топтарды бiртiндеп ашуға болады.
***
Орташа бiлiм беру мекемелерi
Облыста 477 мектепте 75 мың бала бiлiм алады. Жыл санап оқушылардың саны өсiп келедi. 2018 жылы 7,7 мың бала бiрiншi сыныпқа барса, былтыр 8,5 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Биыл бiрiншi сыныпқа 9 мыңға жуық бала келедi.
Оқу процесi келесi бағыттар бойынша өтедi.
Бiрiншiсi. Ауылдардағы 318 шағын жинақты мектепте оқу штаттық режимде өтедi. Бiр сыныпта 15 баладан аспауы тиiс, екi ауысымда оқиды.
Екiншiсi. Қашықтықтан оқытатын мектептердегi бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтiнiшi бойынша 2 мың кезекшi топ ашылады. Бiр сыныпта 15 бала ғана оқиды.
Барлық балаларды тегiн оқулықтармен қамтамасыз етемiз. Тиiстi қаржы бөлiндi.
Қашықтықтан оқу үшiн мұғалiмдер мен оқушыларға техника қажет. Жалпы алғанда, балаларға сатып алынған 15 мыңға жуық компьютер таратылады. Бiрiншi кезекте компьютерлер табысы төмен отбасылардың балаларына, жетiмдерге және ерекше балаларға берiлетiн болады.
Сондай-ақ, 373 мұғалiмге компьютерлер уақытша пайдалануға берiледi.
Қашықтықтан оқыту үшiн сапалы интернет керек.
Бүгiнде облыста 635 елдi мекен бар. 437 ауылда кең жолақты интернет бар.
Биыл тағы 133 ауылды сапалы интернетке қосамыз. Жыл соңына дейiн 570 ауыл кең жолақты интернетпен қамтамасыз етiлмек. Бұл барлық ауылдардың 90 процентi.
Кең жолақты Интернетке мектептердiң 96 проценттен астамы қосылған. Осыған байланысты «тәуекел тобына» кiрмейтiн мұғалiмдер мектептерден, әрқайсысы өз кабинетiнен жұмыс жүргiзедi.
Шалғай ауылдарға 1,5 мың роутер мен USB-модемдер сатып аламыз. Олардың барлығы табысы төмен отбасылардың балаларына берiледi.
Бiлiм беру мекемелерiнде санитарлық шаралар күшейтiледi. Тепловизорлар, санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдардың қажеттi көлемi алынуда.
Қажетсiз байланыстарды болдырмау үшiн мектептерде асханалар уақытша жұмыс iстемейдi.
1-шi қыркүйектегi бiлiм күнi 1-11 сынып оқушылары үшiн қашықтық форматта өтедi.
Теледидар арқылы оқушылар қосымша бiлiм алады. Телесабақтардың көрсетiлiмi «Әл-Фараби» және «Ел-Арнада» 9.00-дан 18.00-ге дейiн жүргiзiледi.
Облыстың барлық ауылдарында «OTAU TV» арқылы көруге болады. Бұдан басқа, «Қазтелерадионың» 29 станциясы арқылы хабар тарату көзделген. Қосымша тағы 13 станция қосылады. Облысты қамту — 100 проценттi құрамақ.
***
Колледждердiң жұмысына да тоқталайын.
Облыста 25 колледж бар. 3 колледж қашықтықтан жұмыс iстесе, он екiсi аралас оқыту жүйесiне көшедi.
Ауылдардағы 10 колледжде оқыту штаттық режимде өтедi.
Қосымша бiлiм беру ұйымдарында оқу қашықтық форматта жүргiзiледi. Штаттық режимде 5 адамға дейiнгi шағын топтарда жеке сабақтар өткiзуге рұқсат етiледi.
Арнайы бiлiм беру ұйымдарында балаларға кеңес беру онлайн режимде өтедi. Балалар сабаққа алдын ала жазылады. Тек күрделi балалар ғана жеке қабылданады.
Облыста кадр тапшылығы мәселесi толық шешiлдi. Соңғы үш жылда өңiрге 1 390 жас мұғалiм келдi. Биыл тағы 315 жас маманды күтудемiз.
Қашықтықтан оқыту форматы — бұл балалар үшiн ғана емес, мұғалiмдерге де үлкен сын. Педагогтер үшiн «Қашықтықтан оқимын» онлайн-курсы әзiрлендi. Қазiрдiң өзiнде 3 мыңға жуық мұғалiм даярлықтан өттi. Оқу жылы басталғанға дейiн тағы 10 мың адам оқиды.
Сондай-ақ, ата-аналарға арналған онлайн-курстар өткiзiледi.
Техникалық қолдау көрсету үшiн 20 тамыздан бастап аудандар мен Петропавл қаласында 15 Колл-орталық жұмыс iстей бастайды.
Қабылданатын барлық шаралар оқу жылын ұйымдасқан түрде бастауға мүмкiндiк бередi.
Жаңа оқу жылының қарсаңында ата-аналарға үлкен өтiнiш бар. Оқушыларға үйде оқу оңай емес. Балаларыңыздың сабағына көңiл бөлсеңiз. Техникамен жұмыс iстеуге көмек берiңiз. Бүлдiршiндердiң тәрбиесiне және оқуына жауапкершiлiкпен қарауды сұраймын.