Петропавлда 32 көпқабатты үй салынуда

Петропавлда 32 көпқабатты үй салынуда

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов "Копайдағы" үйлердің құрылысын тексерді. Мұнда жаңа шағын ауданның келбеті пайда болуда. Қазір 605 пәтерлік 7 көпқабатты үй салынуда. Бұл кезекте тұрғандар үшін несиелік баспана. Төрт үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік желілер де тартылуда.  

"Бұл шағын ауданда барлығы 3,8 мың пәтерлік 27 үй салынбақ. Әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша мен емхана да тұрғызылады. Тозығы жеткен үйлердің орнына жайлы өмір сүруге арналған болашағы зор шағын аудан бой көтермек", - деп жазды облыс әкімі. 

Сондай-ақ қаланы аралау барысында өңір басшысы бюджеттік және коммерциялық үйлердің құрылыс барысын бақылады.  Петропавлда қазір барлығы 32 тұрғын үй салынып жатыр, оның 20-сы жеке компаниялардың есебінен.