СҚО аудандарына қар тазалайтын арнайы техника алынды

СҚО аудандарына қар тазалайтын арнайы техника алынды

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен әкімдіктің отырысы өтіп, онда биылғы  8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Аймақ басшысы тиісті басқармаларға, аудандар және Петропавл әкімдеріне экономикалық өсім бойынша айлық көрсеткіштердің орындалуын  тапсырды.

Сондай-ақ әкімдік отырысында қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау мәселесі қаралды. Қазір аудандарда 16 мердігер жұмылдырылған, 111 қар тазалау техникасы дайын. Аудандар 2025 жылға конкурстарды жүргізуде. 

Оған қоса, биыл 3 арнайы техника аудандарға берілді: Жамбыл ауданына 1 шнекоротор, Уәлиханов ауданына 1 шнекоротор және Ақжар ауданына 1 экскаватор. Төтенше жағдайлар кезінде 213 жылыну пункті қарастырылған.

Облыс әкімі тиісті басқармаларға жолдарды қысқы уақытта күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін барлық дайындық шараларын уақытында аяқтауды, техниканың дайындығын, қыста жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің болуын қамтамасыз етуді тапсырды.