Солтүстікте "Ботай" сурет галереясы ашылды

Солтүстікте "Ботай" сурет галереясы ашылды

Конституция күніне орай облыстың мәдени өміріндегі айтулы оқиға - «Ботай» сурет галереясының ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сеитова, белгілі суретшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты. 

Галереяның атауы СҚО-ғы 6 мың жыл бұрын жылқы алғаш рет қолға үйретілген «Ботай қонысы» бірегей археологиялық орнымен байланысты.

"Жаңа өнер кеңістігінің ерекшелігі – онда көрмелер де, авторлар мен суретшілермен түрлі кездесулер өтеді. Келушілер еліміздің және облыс суретшілерінің туындыларын тамашалай алады. Галерея рухани әрі шығармашылық дамудың орнына айналатынына сенімдімін", - деді СҚО әкімі.

Жаңа нысанның әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі  Конституциясы көшесінде орналасқанының символдық мәні бар. 

"Біз басты көшемізге ерекше назар аударамыз. Көрікті әрі облыс орталығының мақтанышы  - жаяу жүргіншілер көшесін жаңғыртуды жалғастырамыз", - деді облыс әкімі.