СҚО әкімі: «Балалардың денсаулығы бәрінен де маңызды»

СҚО әкімі: «Балалардың денсаулығы бәрінен де маңызды»

СҚО әкiмдiгiнiң отырысында жаңа оқу маусымына дайындық барысы пысықталды.

Аудан әкiмдерiне қашықтық оқуына қажеттi интернетпен қамтамасыз ету тапсырылды. Мектептерде дәрi-дәрмектi толық қамтамасыз ету жағы да бақылауда болады.

«Экономияның арқасында маскалар, антисептиктер, дозаторлар, тепловизорлар мен қорғаныс құралдарын алып қою керек. Қазiр оқушылардың денсаулығы маңыздырақ. Қажеттi емес шығындарды қысқарту керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Қосымша компьютер алу мәселесi де өзектi. Қазiр 580 компьютер алынды. Тағы 1 мыңға жуық алу көзделген. Өңiр басшысы компьютерi жоқ отбасылардың тiзiмiн жасап, барлық керек жарақпен қамтамасыз етудi тапсырды.