
Президенттің жарлығына сәйкес СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың бір топ журналистеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті. «Qуzуljar» телеарнасының бас редакторы Ақерке Қабыкеева, «Хабар» телеарнасының операторы Төлеген Иманов, «Qazagstan Media» ақпараттық порталының корреспонденті Светлана Дроздецкая «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «МТРК» телеарнасының тақырыптық бағдарламаларының редакторы Әлия Икамбаева “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Өңір басшысы мемлекеттік наградаларға ие болған журналистерді құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.